
Қысқаша өмірбаяным
Мен, Босова Мадина Кабдышевна. Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматшасымын. 1974 жылдың 12-ші қыркүйегінде Целиноград облысы, Вишнев ауданы (қазіргі Аршалы ауданы), Қойгелді ауылында дүниеге келдім. 1981-1991 жылдары Қойгелді ауылының мектебінде орта білім алдым. 1995 жылы Целиноград қаласындағы Машинақұрылысы техникумын (қазіргі политехникалық колледж) техник-экономист мамандығы бойынша тәмамдадым.
Қазір тұрмыстамын. Отбасында жұбайым және үш балам бар. Екі жиенімнің әжесімін. Тұрғылықты жерім – Ерейментау ауданы, Тайбай ауылы. Қазіргі уақытта Тайбай ауылының Звенигородка дәрігерлік амбулаториясында менеджер қызметін атқарамын
Мен өз ауылымның жанашыры және Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде елдің көркеюіне үлес қосу үшін Ерейментау аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде сайлауға түсіп отырмын.
Еліміздің бақуатты болашағы, бәріміздің бақытты өміріміз үшін осы саяси додада мені қолдауларыңызды сұраймын!
Менің сайлауалды бағдарламам:
-«Ауылым – алтын бесігім» деген ұранмен мәдениет ошақтарының жұмысын қалпына келтіру;
-Звенигородка дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар жедел жәрдем көлігіне қол жеткізу;
-«Білімді ұрпақ – ел болашағы» деген аталы сөз бар. Осы бағытта ауыл мектебінің көркеюіне үлес қосу;
-«Жасыл ел – таза ауа» – ауыл көшелерін жайландырып, шырша, қарағай ағаштарын отырғызу;
-Ауыл ішіндегі жолдарды қалыпқа келтіру;
-Ауыл жастарының бос уақыттарын пайдалы өткізу үшін ауылда спорт алаңдарын жайландырып, спорт құралдарын сатып алуды ұйымдастыру;
-Ауылдағы егде жастағы адамдар мен еңбек ардагерлерінің демалыс сағаттарын ұйымдастырып, ауылда олар үшін арнаулы бөлмелер ашуға қол жеткізу;
-Қазір ұялы телефон, басқадай замануи құралдар балалардың санасын бұзып жатыр. Осы бағытта ата-аналармен тиісті бақылау ұйымдастырып, өскелең ұрпақтың бос уақыттарын пайдалы өткізуін қадағалау;
-Ауылдағы әйел адамдардың қоғамдағы статусын көтеріп, оларға жергілікті атқару ұйымдарының тарапынан назар аударту.
Менің ұраным :
-Күрессіз ілгерілеу болмайды
-Әр адамның өз шындығы бар, бірақ шындықты ешкім білмейді
-Мен өзіме және сіздердің қолдауларыңызға сенемін
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді