
Көпке белгілі, 2022 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» № 826 Жарлығы шыққан болатын.
Осы Жарлықтың 1 тармағында облыс әкімінің жарты жылда бір рет әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесуі өткізілуі жайлы айталған. Осыған орай Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың осындай кездесуі былтырғы жылы Ерейментау ауданының Новомарковка ауылында өтсе, биылғы жылы 14 сәуір күні осы ауданның Торғай ауылында болып өтті.
Аталмыш кездесуге облыстық мәслихаттың хатшысы, облыс әкімдігінің департамент басшылары, түрлі саланың мамандары аранйы келіп қатысты.
Ерейментау ауданынан аудан әкімі, оның орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, барлық ауылдық округтің өкілдері, ақсақалдардар, еңбек ардагерлері қатысып, сол күні көкейде жүрген көптеген сұрақтар талқыға салынды.
Отырысты кіріспе сөзбен ашқан аймақ басшысы Ермек Боранбайұлы ең әуелі жалпы облыс бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы атқарылатын шаруалар жайлы есеп беріп, жан-жақты әңгіме өрбітті.
Ақмола облысы кейінгі екі жылда республика көлемінде барлық көрсеткіштер бойынша алда келеді. Осы кездесуде аймақ басшысы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, өндіріс, білім беру, көктемгі егіске дайындық, ірі экономикалық жобалар, облыстың жалпы ішкі өнімі жайлы жиналған халыққа толық ақпарат ұсынды. «Қазір әр салаға қаражат молынан бөлініп жатыр, енді соны игере білуіміз керек, игерілмеген қаражатты республика қайтарып алып қояды, сосын ол қайтып берілмейді», – деді. Басқасын айтпағанда, ауыл шаруашылығына облыс бойынша 55 млрд қайтарымсыз субсидия берілген екен.
«Бүгінгі ең басты мақсат – ауданға инвестиция тарту, қазір сіздерде жел-электр сатнцияларынан басқа айтарлықтай инвестиция жоқ. Сондықтан сіздер ақылға келіп, шет жақтан инвестиция салам деген компанияларға қарсылық танытпаңыздар, оларды қолдаңыздар», – деді облыс басшысы.
Жиын барысында Ермек Боранбайұлы жиналған қауымның сауал-сұрақтарына да құлақ түріп, оған арнайы келген облыстық қызмет басшылары, мамандар толымды жауап беріп отырды.
Ауыл тұрғындарының тарапынан қойылған сұрақтардың негізі ауыз суы, мал жайылым жері және жол мәселесіне қатысты болғанын байқадық. Сондай-ақ, санитарлық тазалық, аудан орталығында медицина қызметкерлерінің жетіспеушелігі, МРТ (магинттік-резоннастық томография) жоқтығы да айтылды. Бұның барлығы ретімен шешіледі деді аймақ басшысы.
Бүгінде аудан орталығындағы 45 пәтерлік үйдің құрылысын аяқтауға бюджеттен 125 млн теңге қарастарылған. 60 пәтерлік үйдің құрылысын жалғастыруға 50 млн теңге бөлінген. Көп қабатты осы екі үйдің инженерлік-коммуникациялық, инфражүйесін жүргізуге, жайландыруға 100 млн теңге бөлініп отыр. Теміржолшылардың мәдениет сарайының құрылысы жүріп жатыр. Ерейментау ауданының сондай-ақ, көктемгі егіске де әзрілігі айтылды.
Жиын соңында аудандық ардагерлер және қоғамдық келісім төрағасы Төлеген Абдин ақсақал отырысты түйіндеп, халыққа басу айтып, облыс басшысына елдің алғысын жеткізіп, бата берді!
Облыс басшысы осы жолғы сапарында сол жердегі «Торғай» ауыл шаруашылығы серіктестігінде (В.Кармелюк), «Сыроделкиной кәсіпорнында ( жеке кәсіпкер А.Шевченко), ауылдық амбулаторияда болып, жағдайды көзімен көріп қайтты.
Өз тілшіміз