
2023 жылғы 17-18 тамыз аралығында Көкшетау қ. Ақмола облысының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинарды «Дін мәселелері бойынша білікті мамандарды даярлау» жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің мемлекеттік грантына сәйкес «Рухани Жаңғыру» қоғамдық қоры өткізді.
Іс-шараға облыстың дін істері басқармасының, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, «Ақниет» қоғамдық қорының, «Насихат» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, теологтар, психологтар және дін мәселелері жөніндегі өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты.
Дәріскерлер ретінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жардемқұлұлы, педагогика және психология бойынша маман Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы, нейролингвистикалық бағдарламалау бойынша маман, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы және риторика бойынша маман Аманбек Толқын сөз сөйледі.
Өз сөзінде Талғат Жардемқұлұлы Жақиянов тыңдаушыларға «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізі ретінде» тақырыбындағы жалпы теориялық ақпаратты жеткізді. Сонымен қатар, «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі проблемалар мен үрдістер» тақырыбы аясында дәріскер Қазақстандағы қазіргі заманғы діни ахуалды баяндап, осы тақырыпқа байланысты күрделі мәселелерді түсіндірді.
Мырзабек Сардарбекұлы Тойғанов «Деструктивті діни ұйымдарды ұстанатын балалармен және олардың ата – аналарымен жұмыс істеудің әдіснамалық негіздері» тақырыбына ерекше назар аударды, оның барысында деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың отбасыларымен әңгімелесу, қарым-қатынас жасау және өзін қалай ұстау керектігін айтты. «Экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандарды қайта әлеуметтендіру контекстінде экстремизмге идеялық қарсы іс-қимыл» тақырыбын түсіндіру барысында баяндамашы сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жүргізу, олардың психологиялық бейнесін жасау және жазасын өтеп жатқан адамдар арасында жағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдерін түсіндірді.
М. Сейтқалидің сөз сөйлеуі «ЭГО ауруы және оларды емдеу жолдары» және «Бала жарақаттарының жеке адамның өміріне әсері» тақырыптарына қатысты болды. Ол психо-этикалық принциптерге негізделген және психологиялық денсаулықты қолдайтын жұмыс әдістері туралы айтты. Экстремизм мен терроризмнің көріністерін тудыратын психологиялық аспектілерге маңызды мән берілді, оларға тәуелді адамдардың сипаттамалары көрсетілді. Лектор қатысушыларға адамдармен жұмыс кезінде стрессті алып тастауға бағытталған тренинг өткізді.
Аманбек Толқын «Риторика. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру» тақырыпты ашу барысында адам бойындағы ұялшақтықты жою қажеттілігіне, ритм ұғымына, дауыс тембрі, интонацияны дұрыс қолдану, акценті дұрыс қою, дұрыс тыныс алу ұғымына назар аударды.
Сонымен қатар, «Дикцияны жақсартуға арналған құралдар» тақырып аясында шешендік өнерді дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар мен әдістерді көрсете отырып, дикцияны жақсарту бойынша тренинг өткізді.
Екі күндік семинар барысында қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар келіп түсті, оларға лекторлар толық жауап берді.
Іс-шара соңында семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.