
Салауатты өмір салтын сақтаудың әр адам үшін, әсіресе жастар үшін маңызы зор. Жаңа Қазақстан құру жобасында жастар және спорт мәселесіне барынша көңлі бөлінген. Оның себебәі, еліміздің келешегі жастардың қолында десек, олардың күшті-қуатты әрі серегек болуы аса маңызды. Аудандық Жастар ресурстық орталығы осы саланы да ұмыптай, жастар арасындағы спорт жарыстарына мұрындық болып келеді.
Бір қуанарлағы, спортпен айналысам деген адамға Ерейментау қаласында мүмкіндік жетерлік. Мысалы, бұрыннан келе жатқан үлкен спорт залы бар. Одан бөлек, ауданымызда өткен жылдың тамыз айында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылған болатын. Қазіргі таңда бұл кешен қала жастары үшін үлкен бір орталыққа айналып отыр. Осы арада жастарымыз спорттың әр түрінен өздерінің жатығуларын өткізіп, шынығып жүр.
Аталмыш спорт кешенінде 7 ақпан күні аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волейболдан жолдастық кездесу болып өтті. Жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудан әкімі Абай Еламанұлы аранйы келіп, ойынға қатысты. Осы жолы 811 автожөндеу зауыты және жас спортшылар болып екі топқа бөлініп, бақ сынасқан еді. Аса тартысты өткен ойынның нәтижесінде 2-1 есебімен аудан әкімі бастаған команданың пайдасына шешілді.
Жансұлу АБСАМАТОВА,Жастар ресурстық орталығының СММ маманы