Ақпан айының 20-сы күні Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжановтың кезекті аппараттық отырысы болып өтті. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары С. Кенжетей, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Абдин, ауылдық округ әкімдері, аудандық қызмет бөлімінің басшылары, кәсіпорын жетекшілері қатысты.
Жиын басында Абай Еламанұлы күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г. Жүнісоваға аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының мониторингіне талдау жүргізу үшін сөз ұсынды.
Баяндамышының ақпараты бойынша, 2023 жылы жекелеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өсуі байқалған. Әсіресе, бұл күріш, пияз, сүт, жұмыртқа секілді азық-түліктерге байланысты.
Бағаның өсуін тоқтату, тауарлар бағасын тұрақтандыру үшін аудан әкімдігі «Көкше» ӘКК ҰҚ» АҚ және аудан кәсіпкерлерінің арасында үшжақты келісім-шарт жасағлан. Оған кірген тауарлар тізбесі: қарақұмық жармасы, макарон, күнбағыс майы 5л., қант, күріш, ұн, тұз, картоп.
Сондай-ақ, қала мен ауылдық округ әкімдері мен кәсіпкерлік субьектілер арасында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін меморандумдар жасалған. Ағымдағы жылы осындай 28 меморандумға қол қойылды деді баяндамашы. Олар: Өлеңтіде – 3, Новомарковкада – 5, Бозталда – 5, Күншалғанда – 3, Олжабай батыр ауылында – 5, Ақмырзада – 1, Қойтаста – 3, Торғайда – 3. Қамтылмаған: Ерейментау қаласы, Тайбай, Ақсуат, Еркіншілік, Бестоғайғ Сілеті ауылдық округтері.
-Сонымен қатар, жыл сайын осындай меморандумдар жасау Аманат партиясының жол картасына енген. Енді 19 әлусметтік маңызы бар азық-түлік түрінің бағасы бойынша мониторинг жүргізіледі. Яғни сауда үстемесі белгіленген деңгейден 15% аспауы керек, – деді баяндамашы.
Баяндама барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Абдин аптекадағы дәрі-дәрмек бағаларына да бақылау жасалуын өтінді.
Бұдан соң Абай Еламанұлы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Сердцеваны 2023 жылы аудан көлемінде жаңа жұмыс орындарының ашылу туралы хабарлама жасау үшін мінбеге шақырды.
Баяндамашының ұсынған ақпараты бойынша, 198 ұлттық жоба шеңберінде (ТКШ – 27, құрылыс – 15, білім беру – 15, аудандық емхана – 9, мәдениет- 12, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі – 100, Жасыл Қазақстан – 20) жұмыс орындары ашылған.
Бұлардан басқа 180 жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тіркелген. 419 вакансия бар.
Жұмыспен қамту бөлімі бойынша 146 адам тартылған (қоғамдық жұмыстар – 60, әлеуметтік жұмыс орындары – 15, жастар практикасы – 30, күміс кезең (серебряный возраст) – 12, контракт бойынша – 1, алғашқы жұмыс орны – 14, гранттар – 7, шағын несие – 7).
Орындалған 60 (5,9%), оның ішінде: бос орын – 31, кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы бойынша – 15, жеке ынтамен – 14.
Жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі жоспар ауыл әкімдері мен қала әкіміне жолданған. Бөлім басшысы сондай-ақ, электронды биржаға кіріп, сол арқылы жұмыс істеу керектігін ауыл әкімдері мен кәсіпорын басшыларына ескертті.
Жиын соңында аудан басшысы кәсіпорын, бөлім басшыларынан жұмыстың жай-күйін сұрап, алда кел жатқан үлкен саяси науқан – мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауына дайындық жөнінде қатаң ескертті.
Өз тілшіміз