- Президентті 7 жылға және бір мерзімге ғана сайлау – депутаттардың ұсынысы. Бұл ықтимал құқықтық қарама-қайшылықтың алдын алады және Әділетті Қазақстан принципіне сай келеді.
- Президенттің жалпы өкілеттілігі 2 мерзімнен 1-ге, 10 жылдан 7-ге қысқарады. Бұл биліктің жаңа әрі әділетті тепе-теңдігін орнатады.
- Жаңа саяси реформа барлық саяси жүйенің жаңа тәртіп бойынша жаңаруына бастайды.
- Қазіргідей геосаяси ахуалдың күрделеніп тұрған шағында Президенттің өкілеттілігін жеті жылға қысқарту ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді.
- Қазақстан демократиялық мемлекеттің жәй ғана үлгісі емес, біз Орталық Азия елдеріне жаңа тренд ұсынып отырмыз. Президенттің қайта сайлауға түсуін шектеу саяси жаңалық. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, тұтас өңір үшін жаңалық.
- Президентті бір мерзімге жеті жылға сайлау және оның қайта сайлауға түсуін шектеу еліміздің демократиялық даму бағытын айқындайды және барлық сауалдың жауабын береді.
- Конституцияға енгізілетін жаңа өзгеріс, яғни Президентті 7 жылға бір мерзімге сайлау және оның қайта сайлауға түсуін шектеу жүйелі түрде іске асады. Мысалы, Конституциялық сот мүшелерінің өкілеттілігін 8 жылға ұзарту туралы норма енгізіледі. Ал Конституциялық сот мүшелерінің өкілеттілігі Президент өкілеттілігінен ұзақ болуы олардың дербестігін арттырады.
- Президентті бір мерзімге сайлау нормасы өзгертілмейді. Ол Конституцияға енгізілетін жаңа ереже бойынша бекітіледі.
- Президентті бір мерзімге сайлау нормасы әлемдік тәжірибеде 100 жылдан бері бар. Айталық, Израильде (7 жыл), Арменияда (7 жыл), Мексикада (6 жыл), Оңтүстік Кореяда (5 жыл). Қазіргі кезде Францияда Президентті бір мерзімге жеті жылға сайлау мәселесі талқыланып жатыр. Сондықтан бұл тенденция дүниежүзіне кеңінен тарап жатыр.
- Алдағы уақытта Президентті 7 жылға бір мерзімге сайлау механизімі әрбір жаңа Мемлекет басшысының өз бағдарламасын толық және алаңсыз орындауына мүмкіндік береді. Ол екінші мерзімге сайлауға дайындалып, уақытын бекер шығындамайды. Сонымен қатар, бұл Президенттің ел алдындағы жауапкершілігін арттырады. Өйткені оған реформаларды іске асыруға өмірінде бір ғана мүмкіндік беріледі.
- Референдумда Президенттің қандайда бір саяси партияға мүше болуын шектеу, Мемлекет басшысының туған-туыстарының экономикалық және саяси лауазымды иеленуін шектеу секілді нормалар қабылданды. Ал Президентті бір мерзімге сайлау механизмі болашақта билікті меншіктеп алудың ықтималдығын жояды. Осылайша, билікті бір қолда шоғырландыруға мүмкіндік бермейтін тағы бір тәсіл енгізілмек. Осының арқасында біз биліктің суперпрезиденттік басқару жүйесінен түпкілікті бас тартамыз.
ТАҚЫРЫПТАР
- Депутаттардың ұсынысы бойынша сайлауға дейін Президентті
бір мерзімге сайлау жүйесі енгізіледі - Демократияландыруға қарай жаңа қадам жасалды
- Президентті бір мерзімге сайлау – демократияландыру
бағытындағы үлкен қадам - Президенттің бір мерзімге сайлануы – демократиялық жаңалық
- Президентті бір мерзімге сайлау – демократияландыру
бағытындағы жаңа элемент - Конституциялық сот мүшелерінің өкілеттілігі Президент
өкілеттілігінен көп болады - Әділетті Қазақстан – барлық реформаның басты негізі
- Өңірдегі барлық елдерге үлгі: Қазақстанда Президентті бір
мерзімге сайлау енгізіледі - Президентті бір мерзімге сайлау ешқашан өзгермейді
ЛОГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒЫТ-БАҒДАР
- Президентті бір мерзімге сайлау – шын мәніндегі демократиялық
жаңалық. - Біз демократияландыру бағытында нақты қадам жасадық:
Президент жеті жылға және бір мәрте ғана сайланады. - Президент өкілеттілігі қысқарды. Алдағы уақытта Президент екі
мерзімнен бес жылға емес, бір мерзімге жеті жылға сайланады. - Қазақстанда жүйелі түрде Президент ауысып отырады. Мысалы,
ұсынылып отырған жүйе бойынша 20 жылда 3 Президент
сайланады. - Қазақстан демократиялық мемлекеттің жәй ғана үлгісі емес, біз
Орталық Азия елдеріне жаңа тренд ұсынып отырмыз.
Президенттің қайта сайлауға түсуін шектеу саяси жаңалық. Бұл
тек Қазақстан үшін ғана емес, тұтас өңір үшін жаңалық. - Жаңа реформалар және жаңа саяси бастамалар – елімізді
түпкілікті демократияландыруға бастайтын жол. - Президентті 7 жылға бір мерзімге сайлау – Әділетті
Қазақстанның нағыз көрінісі - Президентті 7 жылға сайлау, оның қайта сайлануға құқының
болмауы – ел жаңғыруының жарқын көрінісі.