Мен, Сапарғали Аслан Дарханұлы 1996 жылы 28 шілдеде Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Байсары ауылында дүниеге келдім.
2014 жылы Торғай орта мектебін аяқтадым. Білімім жоғары. (2014-2018) Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «тарихшы» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.
2018 жылдары Астана қаласындағы №48 мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқардым.
2019 жылы Бестоғай ауылдық округі әкімшілігінде спорт-әдіскері қызметінде болдым.
2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласында, кәсіпкерлікпен айналысып жүрмін.
2021 жылдан бастап, бүгінгі таңға дейін Торғай орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келемін.
Құрметті дауыс берушілер!!!
Басты мақсатымыз «Жаңа Қазақстанды құруды» басшылыққа ала отырып, келесі бағыттарды жүзеге асырамын.
1. Ауылдың негізгі тірегі мектеп болғандықтан, мектептің тұрақты жұмыс жасап, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге ықпал ету. Түлектердің гранттар арқылы ЖОО-на түсуін ұйымдастыру.
2. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрлымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда өмір сүрудің қолайлы ортасын құруға ықпал жасау.
3. Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қадағалау. Аз мөлшерде қамтамасыз етілген отбасылардың, қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау. Мұқтаж жандарға көмек беру жағын ұйымдастыру.
4. Барлық аймақтағы ауылдарда автожол мәселесін шешу.
5. Торғай, Сілеті және Бестоғай ауылдық округ тұрғындарының сумен қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселені шешу.
6. Ауыл- аймақтардың жарық жетпеген көшелерін жарықтандыру. Интернетпен қамтамасыз ету.
7. Ауыл мәдениетін өркендету мақсатында, Бестоғай, Торғай және Сілеті ауылдық округі мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуін ұйымдастыру.
8. Медициналық қызмет. Ауылдағы медициналық қызмет сапасын арттыру. Торғай ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылуын ұйымдастыру.
9. Төменгі пайыздық несиелер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларымен, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізу.
10. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға жастарды шақырып, бос орындарды ұсыну.
11. Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты болғаннан кейін, өз аймақтарымда (Сілеті, Бестоғай, Қарағайлы) туризім саласының дамуына үлес қосу.
12. Жер тапшылығы мен жайылымдардың жетіспеуіне байланысты жер мәселесін шешу.
Мен, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Біз бірге болсақ, барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін! Біз бірге мықты мемлекет құрамыз!
Мен – жастардың өкілі, жарқын болашақ, бізге керек !
«Болам деген баланың, бетін қақпа, белін бу», – деген атам қазақ.
Жас буынға жол беріңіздер!
Республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді