Мемлекет басшысы Қасым жомарт Тоқаевтың Парламенттің қос палатасы бірлескен отырысындағы Жолдауынан ел тұрғындары көп жаңалық күтіп жүрген еді. Сол сенім халықты алдамады. Оған бүгінгі Жолдауды тыңдап отырып көізміз жетті.
Аталмыш Жолдауда қоғам өмірінің әр саласы барынша қамтылған. Қысқаша айтар болсақ, әлеуметтік-экономикалық саланың түйінді мәселелері, руханият, жастар болашағы, көші-қон саясаты т.б. қамтылған.
Қасым Жомарт Тоқаев осы күзде кезекті Президент сайлауының болатынын да айтып өтті. «Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады» – деді.
Бұл мемлекет басшысының ел болашағын таразылай білетін, демократиялық көзқарастағы адам екенін тағы да бір дәлелдеді.
Осы Жолдауда бұдан басқа бұрын айтылмаған Ұлттық қордағы кірістің 50 пайызын кәмелет жасқа толмаған балалардың есепшотына аудару, әйел адамдардың зейнет жасын 61-ге белгілеу, көші-қон саясатын реттеу, мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер, салық жүйесіндегі жаңартулар секілді халық күтіп жүрген көптеген жағымды жаңалықтарды жария етті.
Осының барлығы Жаңа қазақстан құрудағы түбегейлі мақсатқа апарар стартегиялық жоспар десе де болады. Тек сәттілік тілейміз.
Қайыркен Жақып, зейнеткер, Ерейментау ауданының Құрметті азаматы, ҚР Еңбек сіңірген бапкері