Президентіміздің кезекті Жолдауын бастан-аяқ тыңдадық. Бұл жерде тек әйтеуір мақтау керек, қолдау керек екен деп өтірік пікір айтудан аулақпыз. Шындығы сол, мемлекет басшысының әрбір сөзі көптен көкейде жүрген арман-мұратқа жол ашқандай болды. Қуандық, қолдадық.
Бұның ішінде қоғамдағы барлық сала шама келгенше қамтылғанын байқау қиын емес. Біздер елдің болашағы жастарда дейміз. Мысалы, бүгінгі мектеп оқушысы, енді бір оншақты жылдан кейін министр немесе аймақ әкімі болуы әбден ықтимал. Сондықтан жастарға осы бастан ерекше назар, қамқорлық керек. Бұрындары айтылмаған балалардың есепшотына қаражат аудару, жастар бизнесіне барынша қолдау жасау, 2,5 пайызбен кәсіпкерлік үшін несие беру, оларды қанаттандыру тек қана жастарға көмектесу емес, ол ел болашағы үшін жасалып жатқан саяси стратегия.
Мен өзім зейнеткерлермен жұмыс жүргізетін болғасын, әйел адамдардың зейнет жасын 61-ге төмендету деген ұсынысты қуана тыңдадым. Ең төменгі жалақы деңгейін көтеру де халықтың үмітін бекітеді.
Айта берсек, бұл жолғы Жолдау туралы жағымды жаңалық жетерлік. Тек енді соның жергілікті жерлерде, әр аймақтарда ойдағыдай іске асып кетуі деңіз.
Төлеген Абдин, Ерейментау аудандық ардагерлер және қоғамдық келісім ұйымының төрағасы