
Мен Садваксова Динара Балтабаевна биыл бірінші рет «Дауыс» коалициясының бақылаушысы болып жұмыс істеймін. Мен бұл маңызды рөл екенін түсінемін, өйткені мен ашық, заңды сайлауға көмектесемін. Әрине, сайлауды әдеттегідей емес, ішінен білу және қарау өте қызықты.
Бүгін мен «Дауыс» коалициясының бақылаушысы ретінде Ақмола облысы Ерейментау қаласы М.Әуезов 8 мекен жайында орналасқан № 418 сайлау учаскесінде тұрмын. Сағат 11.00 шамасы Жергілікті жердегі ақпараттық стендтер,мөрленген урналар көрнекті жерде орналасқан. Сайлау учаскесі өте сапалы дайындалған, сайлау комиссияларының мүшелері өз жұмыстарын атқаруда. Мен бақылаушы болғаныма өкінбедім. Қазіргі уақытта біз де, басқа бақылаушылар да бірде-бір бұзушылықты көрген жоқпыз.
Дауыс беруге тұрғылықты жердің үлкендері мен 18 жасқа толған алғаш дауыс берушілері де келуде, сонымен қатар кішкентай балаларын қолдарына ұстап жас аналар келіп жатса, жас отбасылар да сайлауға деген белсенділіктерін көрсетуде.
#Дауысқоғамдықбайқаушылар_коалициясы #Коалиция_общественных_наблюдателей#Сайлау2023#Выборы2023#Независимое_наблюдение#Тәуелсіз_бақылау#Baqylau #МыНаблюдаем #выборы2022 #сайлау2022 #20ноября #20қараша #ТәуелсізБақылаушы #НезависимыеНаблюдатели #ӘділСайлау #ЧестныеВыборы